5 мыңнан астам адам “Камаз” автобусымен тасымалданды
Петропавлдан Бескөл ауылына және кері бағытта адамдарды жол талғамайтын “Камаз” автобусымен тасымалдау жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Петропавл-Жезқазған” республикалық автожолының учаскесін су шаюға байланысты СҚО ТЖД күшімен және құралдарымен 5000 адам тасымалданды.
“Оның ішінде 197 бала бар. 3 босанған әйелді тасымалдау бойынша медициналық қызметке көмек көрсетілді, сондай – ақ 5 тонна көлемінде гуманитарлық көмек өтті. Оның ішінде 3 тонна ауыз су және инертті материал салу және Бескөл ауылының бөгетін одан әрі нығайту үшін жолданған бос қаптар бар”, – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.