Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 6 айға бас бостандығынан айырылды

6 айға бас бостандығынан айырылды

Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ уақыт бойы қылмыстық жазасын өтеп, бостандыққа шыққан азамат Саумалкөл ауылында (Айыртау ауданы) тұратын жеріне бес күн ішінде келмеген, деп хабарлайды QZ News.

Қазақстан Республикасының «Қылмыстық-атқару жүйесінен босатылған адамдарға қатысты әкімшілік бақылау туралы» Заңының 1-бабы бойынша, әкімшілік бақылау – қылмыстық құқық бұзушылықтардың қайталануын алдын алу формасы болып табылады, ол заңдылықты сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылады және соттың қаулысымен ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеу шарасы ретінде жүзеге асырылатын, қылмыстық-атқару жүйесінен босатылған адамдардың әрекеттеріне бақылау орнату шарасын білдіреді.

Прокуратураның үйлестіруімен Айыртау ауданының полиция бөлімі соттың белгілеген әкімшілік бақылауынан жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 431-бабы бойынша алдын ала тергеу бастады.

Азаматтың нақты орналасқан жері анықталған соң, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Алдын ала тергеу нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Айыртау аудандық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы үкімімен азаматқа алты ай мерзімге жоғары қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы сот залында қамауға алынды», – делінген СКО прокуратурасының хабарламасында.

Shares