60 мың солтүстікқазақстандық тұмауға қарсы екпе алды
1 қазаннан 31 қазанға дейін Солтүстік Қазақстан облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны өткізілді. Тәуекел тобына жататын адамдар үшін ресейлік өндірістегі «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Тұмауға қарсы профилактикалық егуге жататын тәуекел топтарына мына адамдар жатады: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің ұл-қыздары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша, 2-3-триместрде жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және басқалар. Аталған адамдарға екпе тегін салынады, егу тіркелген жері бойынша емханада жүргізіледі.
Бүгінгі таңда 60 мың адам немесе тәуекел тобына жататын халықтың 100%-ы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 23085 адам егілді. Бұл – 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар, 60 жастан асқан адамдар және басқалары.