Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысында үш табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында үш табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

November 12, 2024 13:00

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2023 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуы туралы есептерді талдау нәтижелері бойынша «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС, «Қызылжар ТҮКШ» ЖШС және «Александровское» ЖШС-нің тарифтік сметаларды орындамай, заңды бұзғанын анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Осыған байланысты аталған табиғи монополиялар субъектілері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Осы баптың санкцияларына сәйкес әкімшілік айыппұлдар: «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС және «Қызылжар ТҮКШ» ЖШС-не жеңілдетілген тәртіпте – 516 880 теңге, «Александровское» ЖШС-не – 1 033 760 теңгені құрады», – деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде.

Shares