Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 7 000 солтүстікқазақстандық әлі жарықсыз отыр

7 000 солтүстікқазақстандық әлі жарықсыз отыр

Бүгінгі таңда Жамбыл және Мамлют ауданында электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. Қалалық және аудандық жөндеу бригадаларының күшімен Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Аққайың, Тимирязев, Шал ақын, Есіл аудандарында жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Ең күрделі технологиялық бұзушылық М.Жұмабаев ауданында орын алды. Мұнда бригадалар барлық зақымдалған құрылымды бөлшектеуі керек, бірақ ең алдымен оны 110 кВ желіден босатқан жөн. Нысандарға қуат біртіндеп беріледі.

“Бүгінгі уақытта “Солтүстік Қазақстан ЭЖТК” АҚ 165 мың теріскейлік тұтынушыға қызмет көрсетеді. Қазір 7 мыңға жуығы жарықсыз отыр. Бригадалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде және шаруа барлық жұмыстар аяқталғанға дейін және солтүстікқазақстандықтардың үйлерінде жарық қайтадан пайда болғанға дейін жалғасады”, – деп толықтырды ведомствода.

Shares