7 облыстың 114 құтқарушысы тұрақты орналасу орындарына аттанды
19 мамыр күні таңертең Петропавлдағы ПАМЖЗ алдындағы алаңда Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстары ТЖ департаменттері мен Алматы қаласы ТЖ департаментінің құтқарушыларын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Олар бір айға жуық уақыт бойы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД құтқарушыларымен, жергілікті атқарушы органдармен, халықпен және еріктілермен бірге табиғи апат – су тасқынымен күресті. Оларға облыс басшылығы, СҚО ТЖД бастығы, полковник Ерік Сарыбаев, жұртшылық өкілдері алғыс хаттар беріп, ақ жол тіледі. 114 құтқарушы тұрақты орналасу орындарына 31 техника арқылы кетті.