2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жергілікті кәсіпорындарды қолдау шаралары мен экспортты арттыру перспективалары талқыланды

Петропавлда жергілікті кәсіпорындарды қолдау шаралары мен экспортты арттыру перспективалары талқыланды

May 30, 2025 16:03

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде экспортты дамыту және жергілікті кәсіпорындарды қолдау мәселелері бойынша Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды QZ News.

Кеңес облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановтың төрағалығымен өтті. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ экспортты дамыту жөніндегі ұлттық даму институттары — «QazIndustry» Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, экспорттық кеңестің мүшелері мен өңірдегі экспорттаушы кәсіпорындардың басшылары да қатысқан.

Отырыс барысында «QazTrade», «KazakhExport» және «QazIndustry» ұйымдары ұсынатын мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұл ұсыныстар кейін орталық мемлекеттік органдардың қарауына жолданатын болады.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басты міндеттерінің бірі — экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді құру және дайын өнімді шетел нарықтарына шығаруға жәрдемдесу.

2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің жалпы экспорт көлемі 409,4 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің экспорты 186 млн доллар болып, жалпы экспорт көлемінің 45,4%-ын құрады.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында шамамен 80 экспортқа бейімделген кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Shares