Әлеуметтік желілерде АҚТҚ-мен ауыратын науқастар үшін “Баға жетпес көмек” челленджі бастау алды
Облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары әлеуметтік желілерде “Баға жетпес көмек” челленджін жариялады. Акция халықаралық еріктілер күні аясында бастау алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Біз 5-ші желтоқсанда халықаралық еріктілер күнін атап өттік. Біздің орталықтың мамандары АҚТҚ-мен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға гуманитарлық көмек дайындады. Адамдардың барлығын әлеуметтік желілерде бастау алған челленджге қатысуға шақырамыз”, – деп атап өтті облыстық ЖҚТҚ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы директорының м.а. Ринат Ұлмесеков.
Өңір есебінде АҚТҚ-мен ауыратын 14 жасқа дейінгі 12 бала тұр. Белсенділер оларға демеушілер есебінен жаңа жылдық сыйлықтар береді. Облыста барлығы 1400 адам осы инфецияны жұқтырған. Ал жыл басынан бері жұқтырғандар саны 126 адамды құрайды.