«Әрқайсымыздың дауыс беру құқығымыз бар»: Елена Семидоцких солтүстікқазақстандықтарды референдумда дауыс беруге шақырады
Атом энергетикасы орнықты және таза энергетикалық болашақты қамтамасыз етудегі негізгі қадамдардың біріне айналуы мүмкін. АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Елена Семидоцких Facebook желісіндегі өзінің парақшасында осындай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
“АЭС қазбалы отынға деген тәуелділікті азайтуға, көміртегі шығарындыларын төмендетуге және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бірақ, кез келген маңызды шешім сияқты, ол мұқият талқылауды талап етеді”, – деп есептейді АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік халықтық штабтың мүшесі Елена Семидоцких.
Қазақстандықтар референдумда қабылдайтын шешім республиканың энергетикалық стратегиясына әсер етіп, біздің және келесі ұрпақтың болашағын айқындайды.
“Біздің әрқайсымыздың дауыс беру құқығымыз бар және әрбір дауыс маңызды! Сіздердің пікірлеріңіз маңызды, сондықтан еліміздің энергетикалық саясатын айқындауға белсенді қатысыңыздар! Демократиялық үдерістің бір бөлігі бола отырып, біз өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдіріп, Қазақстанның болашағына ықпал ете аламыз”, – деп сенеді Елена Семидоцких.