АЭС құрылысы бойынша референдум: Петропавл Жастар ресурстық орталығының мамандары 8 000-нан астам парақша таратты
Жастар ресурстық орталығының мамандары АЭС құрылысы бойынша өтетін алдағы референдум туралы халықты хабардар етуге бағытталған акция өткізуді жалғастыруда. Шара City Mall сауда орталығының аумағында өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
ЖРО қызметкерлері алдағы дауыс беру туралы негізгі мәліметтері бар ақпараттық кітапшаларды тарату арқылы қала тұрғындарын белсенді ақпараттандырды. Акцияның мақсаты – қала және облыс тұрғындарына Қазақстан Республикасының аумағында АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдумның маңыздылығы туралы айтып беру.
“Бұл – акцияның он жетінші күні, оның барысында 8 мыңнан астам адамға ақпарат беріліп, жалпы көлемі 8120 парақша таратылды. Біз ірі сауда орталықтарына, көпшілік көшелерге бару арқылы мүмкіндігінше көп адамды хабардар етуге тырысамыз, сондай-ақ түрлі кәсіпорындардың ұжымдарымен және колледж студенттерімен түсіндіру-ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – деп атап өтті белсенділер.
Акция айдың соңына дейін жалғасады.