Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы ұсталды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құраған, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған.

“Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, деп жазды өзінің Фейсбук парақшасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысы Асхат Джакипбеков.

Shares