Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Агрессивті мінез құлық пен полицияға бағынбау ауыл тұрғынын сотталушыға айналдырды

Агрессивті мінез құлық пен полицияға бағынбау ауыл тұрғынын сотталушыға айналдырды

Мамлют ауданының полиция бөліміне екі қоңырау түсті: 33 жастағы ер адамнан және оның ауылдасынан. Екеуі де бір-бірін балағат сөздермен қорлады деп айыптады. Шақыру бойынша келген полицейлер ер адамның масаң екеніне көз жеткізіп, оны медициналық куәландыруға жіберді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қызметтік көлікте ауыл тұрғыны өзін агрессивті ұстаған, жүргізушіге кедергі келтіреді, қозғалыс кезінде есікті ашуға тырысады. Ол бағынбағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіруді елемейді. Тәртіп сақшылары кісен қолдануға мәжбүр болады. Ал куәландыру мас күйінде екенін көрсетеді.

“Полиция қызметкерлерін шақыруға себеп болған жанжал татуласумен аяқталды, алайда ауыл тұрғынына қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабы бойынша материал жиналды”, – деп хабарлайды аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов.

Жиналған материал сотқа жолданады. ҚР ӘҚБтК 667-бабының санкциясына сәйкес, ер адамға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Shares