Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы болып тағайындалды

Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Қарашүкеевті ҚР Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатты. Мемлекет басшысы тағы бір жарлығымен бұл қызметке Айдарбек Сапаровты тағайындады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Тиісті жарлықтарға ел Президенті 2023 жылы 4 қыркүйекте қол қойды.

«Айдарбек Сейпілұлы Сапаров бұрын атқарған қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын», – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Мемлекет басшысының басқа жарлығымен Қарашүкеев Ербол Шырақпаұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымында 9 ай болды.

 

Shares