Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Айыртау ауданында әпкесі мен бауыры өз-өзіне қол жұмсады. Полиция қылмыстық іс қозғады

Айыртау ауданында әпкесі мен бауыры өз-өзіне қол жұмсады. Полиция қылмыстық іс қозғады

Айыртау ауданында орын алған қайғылы оқиға туралы ақпарат nayzakokshe Instagram парақшасында пайда болды. Жазбада жексенбі күні жас баланың жиырма екі жасар анасы жеке үйдің сарайына асылып қалғаны айтылған. Бұл қорқынышты жаңалық оның он жеті жастағы інісін күйзеліске түсірген. Ол орманға қашып, сол жақта асылып қалған, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жарияланған ақпаратта бауырларды атасы мен әжесі тәрбиелегені айтылады, әкелері қайтыс болған, аналары өзге жаққа кеткен. Қыз жақында тұрмысқа шығып, босанған, бала – 1,5 жаста.

29 сәуірде тәртіп сақшылары болған жағдайға түсініктеме берді. Істің егжей-тегжейлі деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

“28 сәуір күні Айыртау АПБ кезекші бөліміне аудан тұрғындары өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares