Алғыс айту күніне орай Қозыбаев университетінде құрт таратылды
Алғыс айту күні! Студенттер мен оқытушыларға көктемнің бірінші күні күллі Қазақстанда атап өтілетін мерекенің маңыздылығын еске салу үшін жергілікті ЖОО-да игі акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қазақстанда Алғыс айту күні 2016 жылдан бері аталып келеді. Маңызды мерекеге таңдалған күн де кездейсоқ емес: 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
“Құрт – ұлттық өнім. Қуғын-сүргін, депортация жылдарында ол қиын жағдайға тап болған көптеген адамның өмірін сақтап қалды. Белгілі бір мағынада айтсақ, құрт өмірдің, ортақ өткеннің, бүгіннің және болашақтың символына айналды”, – деді Қозыбаев университеті “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная.
Қоса кетейік, Президенттің өзі басқаратын Ассамблея жұмысының арқасында бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелері әрқашан басымдыққа ие.