Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алмат Мырзалиев СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Алмат Мырзалиев СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметіне Алмат Мырзалиев ротация тәртібімен тағайындалды, деп хабарлайды QZ News.

Алмат Болатович Алматы облысының тумасы, жоғары білімді. 1998 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет атқарған.

2010 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) орындаушы және басшылық құрамында түрлі қызметтерде болған. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде жұмыс істейді.

Осы тағайындауға дейін Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Shares