Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматыдан ұшқан ұшақ қатты тұманға байланысты Петропавлға қона алмады

Алматыдан ұшқан ұшақ қатты тұманға байланысты Петропавлға қона алмады

“Алматы-Петропавл” бағытында қатынайтын ұшақ тұман салдарынан облыс орталығының әуежайына қона алмады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ Алматыдан Петропавлға 3 сәуір күні сағат 15:50-де ұшу керек болған. Ал Петропавлға қону уақыты – 18:00. Бірақ, әуе кемесі қона алмады. Мұның себебі – қалың тұман.

“Петропавлға ұшып жеттік, ұшақ  қаланы айналумен болды. Тұманға байланысты қона алмадық. Әрі қарай не болды деп ойлайсыздар? Біз Алматыға қайта ұштық”, – дейді жолаушылардың бірі.

“Ең өкініштісі, қалаға ұшып жеттік. Төмендедік, қаланы айналдық, соңында Астанаға ұшу туралы шешім қабылданды. Астанада да айналдық. Қонуға рұқсат бермеді. Сөйтіп, Алматыға қайта оралдық”, –дейді “Алматы-Петропавл” рейсінің екінші жолаушысы.

Бұл рейске билеттер алдын ала брондалғаны белгілі. Оның сомасы шамамен 21 000 теңгені құрады. Қайтып келгендер үшін билет бағасы өзгеріссіз қалды.

Бұған аң-таң болмаңыз. Алматыға келгеннен кейін Астанаға басқа рейспен ұшқысы келген жолаушылар билеттердің қымбаттығына қатты таң қалды.

“Алматы-Петропавл” рейсімен ұшқан тағы бір солтүстікқазақстандықтың айтуынша, Алматыға оралғасын жолаушылар қонақүй нөмірлеріне орналастырылды, тамақтандырылды және келесі күні Петропавлға ұшатындардың қатарына қосылды.

Shares