Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматылық компания солтүстікқазақстандықтарға 100 млн теңгенің тауарын әкелді

Алматылық компания солтүстікқазақстандықтарға 100 млн теңгенің тауарын әкелді

6 мың адамға арналған тауар Алматыдан Петропавлға жеткізілді. Облыс орталығына 70 тонна гуманитарлық көмек келді. Бұл азық-түлік пен су, гигиеналық құралдарды қоса алғанда, қажетті тауарлар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Шұғыл түрде 100 миллион теңгеге бірінші қажеттіліктегі тауарларды, жармаларды, жылы киімдерді, күнбағыс майын сатып алдық. Үш күн ішінде бұл жүкті осында әкелдік, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланысты болдық, мұның бәрі халыққа таратылды. Біз үшін бұл алғашқы көмек емес, біз пандемия кезінде де көмектестік”, – деді Алматы қаласындағы “DGA” компаниясының директоры Мұрат Акенев.

Оңтүстік астанадан келген кәсіпкер алдағы уақытта су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтуге ниетті.

Shares