Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аққайың ауданында аспаз – студенттер шеберлік сайысында бақ сынасты

Аққайың ауданында аспаз – студенттер шеберлік сайысында бақ сынасты

Аққайың ауданында 3-курстың студенттері арасында «Аспаз» мамандығы бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті. Сайысқа 6 үміткер қатысты, деп хабарлайды QZ News.

Кәсіби сайысқа қатысушылар практикалық тапсырманы орындап, тағам дайындау технологиясы, еңбек тәсілдері, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау бойынша білімдерін тексерді.

Тәжірибелік тапсырмаға 2,5 сағат уақыт бөлінді. Сайысқа ұсынылған тағамдар тізімі мынадай болды: «Қызыл балықпен брускетта» негізгі тағам — «Сёмга конфигі көкөніс гарнирімен», соус — «Тартар».

Қатысушыларды бағалаған әмбебап-аспаз «Парк-Сити» мейрамханасының қызметкері Виктор Фролов болды. Сондай-ақ, ол сайыс қатысушыларына кәсіби кеңестер мен тағам әзірлеуге қатысты лайфхактарын ұсынды, сондай-ақ өзіне кәсіби тәжірибе жинақтауға шақырды.

Shares