Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Аққайың ауданының бас шыршасы шамдарын жақты

Аққайың ауданының бас шыршасы шамдарын жақты

Аққайың ауданының орталығы Смирновода жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті. Әндер айтылып, байқаулар ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Жаңа жылдың басты атрибуты аудан орталығындағы мемлекеттік рәміздер бас алаңында орналасқан. Шамдары жарқыраған жаңа жылдың басты символы шыршаны тамашалауға жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Аяз ата мен Ақшақар, сонымен қатар аниматорлар ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әсем шыршаның жанғанын көрген бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ.

Shares