Аққайыңдар өлкесінде аяз көтеріледі
Өңірде күн суытады. Қыстың соңғы айының екінші онкүндігінде аққайыңдар өлкесінде аяз көтеріледі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Облыс аумағында сәрсенбіден бастап ауа райы өзгереді. Суық температура жұмыс аптасының соңына дейін сақталады. Тұрғындар жылы киінгені жөн.
“14-16 ақпан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының минус 12-17-ден, облыстың оңтүстігінде 7-ден 33-38 аязға дейін күрт төмендеуі күтілуде. Петропавлда 14-16 ақпан аралығында ауа температурасының 13-15 аяздан 33-35 аязға дейін күрт төмендеуі күтілуде”, – делінген “Қазгидромет” РМК СҚО бойынша филиалының дауылды ескертуінде.