Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Азаматтар жеке қабылдау өткізген СҚО әкіміне қоныс аудару және жұмыспен қамту мәселесімен жүгінді

Азаматтар жеке қабылдау өткізген СҚО әкіміне қоныс аудару және жұмыспен қамту мәселесімен жүгінді

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны Ағыбай Байтоқов аудандағы болашағы бар елді мекенге қоныс аудару мәселесін көтерді. Аймақ басшысы аудан әкімдігіне қоныс аудару және жұмысқа орналастыру мәселесін шешуді тапсырды.

Петропавл қаласының тұрғыны Шолпан Биісова қоғамдық көліктің тозуы туралы мәселені айтты. Биыл жаңарту жоспарлануда, тасымалдаушылар 30 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

Қала тұрғыны Игорь Жульдиков 308-ші Краснознаменный Полк көшесін жөндеу мәселесін көтерді. Облыс әкімі 5 жылда облыс орталығында қиыршық тасты жабыннан қатты жабынға көшу жоспарланып отырғанын, ол үшін көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Облыс орталығының тұрғыны Елена Скучос жұмыспен қамту мәселесін қозғады, бұл мәселені тиісті басқармалар бақылауға алды.

Shares