Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Байқаулар, халаттың орнына ұлттық киім және ең үздік дастархан: көпсалалы облыстық ауруханада Наурыз атап өтілді

Байқаулар, халаттың орнына ұлттық киім және ең үздік дастархан: көпсалалы облыстық ауруханада Наурыз атап өтілді

Көпсалалы облыстық ауруханада Наурыз мейрамы атап өтілді. Дәрігерлер халаттарын ұлттық киімдерге ауыстырып, мерекелік тағамдарды өз қолдарымен дайындады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сондай-ақ, аурухана қызметкерлері байқау ұйымдастырып, ең үздік дастарханды таңдады.

“Бүгінгі іс-шара екі бөлімнен тұрады: гастрономиялық, онда тағамдарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетіміз көрсетілді, яғни ата-аналардың немесе балалардың қатысуымен киімдер, қойылымдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер ұсынылады. Шараға байқау кеңесінің мүшелері, денсаулық сақтау басқармасының мүшелері, белсенділер, блогерлер, БАҚ, біздің қызметкерлер және олардың туыстары шақырылды”, – деді көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры Сәкен Әмрин.

Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

Shares