Бейсенбі күні облыс орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында электр жарығын беру шектелед
19 желтоқсанда сағат 12:30-дан 13:00-ге дейін Петропавлда техникалық жұмыстарға байланысты бірнеше көшеде электр қуатын беру шектеледі, деп хабарлайды QZ News тілшісі «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға сілтеме жасап.
Мына мекен-жайларға электр жарығын беруге шектеу қойылды: Кошукова көшесі 2,4,6,12,14, Ружейникова 95,97, Сәтбаев 15,17,23,25, Ахременко З. Жұмабаев ауданында есеп жүргізуді тексеру үшін сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін Булаев қаласының жеке секторында жарық сөндіріледі.
Есіл ауданында техникалық жұмыстар жүргізу үшін Таранғұл, Двинск, Иверск, Сарагүл ауылдарында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін электр жарығын беру шектеледі.