Белсенділер Аналар үйіндегі әйелдер мен балаларға сыйлықтар үлестірді
Қайырымдылық күніне орай жергілікті белсенділер Аналар үйіндегі әйелдерді мерекемен құттықтады. Қазір мұнда 5 әйел мен 7 бала бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Біз балаларды, аналарды алдағы мерекемен құттықтауға келдік. Жөргектер, әртүрлі қажетті заттар жинадық”, – деді “Қамқорлық” лицейі өзін-өзі басқару комитетінің мүшесі Кристина Беспятова.
“Аналар үйіне” туыстары мен жақындарының қолдауынсыз қалған әйелдер келеді. Орталықта олардың барлығы материалдық, құқықтық, психологиялық көмек алады.
“Бүгін біздің үйге ЛОРД лицейінің белсенділері, “Көмек жаныңда” қозғалысының еріктілері кезекті мәрте келді. Бізге көптеген сыйлықтар әкеліпті. Біздің балаларымызға қажет нәрсенің бәрі бар. Ойыншықтар, кітаптар таратты”, – деді “Аналар үйі” ресурстық орталығының өңірлік маманы Меруерт Көшембаева.