Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Береке” шағын ауданындағы жеке үйлерге еріген қар суы кіріп жатыр

“Береке” шағын ауданындағы жеке үйлерге еріген қар суы кіріп жатыр

“Береке” шағын ауданындағы жеке үйлердің тұрғындары еріген қар суынан зардап шегуде. Мәселен, қазір Московская көшесі, 168 мекенжайындағы үйге су кіруде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Петропавл жылу желілері” ЖШС мамандары орын алған мәселені жою үшін тиісті жұмыстарға кірісті.

“Суағарлардың толуына байланысты еріген су жылу желілерінің арналарына түседі, олардың жанасуы нәтижесінде су қызады. Қалалық қызметтерге көмек көрсету үшін “Петропавл жылу желілері” ЖШС бригадалары іске кірісті. Мамандар жылу арнасынан және су басқан аумақтан су айдауды жүргізуде”, – делінген бейінді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares