Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Биыл Петропавлда көппәтерлі 22 үй салу жоспарланып отыр

Биыл Петропавлда көппәтерлі 22 үй салу жоспарланып отыр

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 300 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“24 көппәтерлі үй салынады. Оның ішінде Петропавлда 22 және аудан орталықтарында 2 үй салу жоспарлануда. Оның 8-і – бюджет есебінен, ал 16-сы – коммерциялық. Нәтижесінде 5 мыңнан астам адамның тұрғын үй жағдайы жақсарады. Келесі жылы 1 941 пәтерлі 26 үй салынады, оның ішінде Петропавлда 23 үй және аудан орталықтарында 3 үй бой көтереді. Үш жыл ішінде шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр”,- деді аймақ басшысы баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, жақында “Береке” шағын ауданында 6 жалдамалы-коммуналдық үй тапсырылды. Өңір басшысы көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, толық емес жанұяларға және жетім балаларға пәтер кілттерін табыс етті.

 

Shares