Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі

Биыл Петропавлда жаңа автоөткел қолданысқа беріледі

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентіндегі Универсал көшесі бойында салынып жатқан автомобиль өткелінің құрылысын тексерді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

Бұл қаланың көлік қолжетімділігін жақсартуға және тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан. Жоба тек қолданыстағы көпірдің жүктемесін азайтып қана қоймай, қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне балама кіреберіс жолды қамтамасыз етеді.

Құрылыс алаңында өңір басшысы орындалған жұмыстар туралы есепті тыңдап, мердігермен қазіргі міндеттерді талқылап, мерзімдер мен сапаның қатаң сақталуына назар аударды. Жаңа нысан биыл қолданысқа берілмек. Көпір құрылысы қыста да жалғасуда. Сонымен қатар, асфальтбетон жабыны, кірме жолдар,  қалалықтардың ыңғайлығы үшін жаяу жүргіншілер жолағы және баспалдақ салынады.

 

Shares