Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Блогер-арандатушылар немесе бопсалаушылар: “Медиа” тұлғалар кәсіпкерден 50 млн теңге талап еткен

Блогер-арандатушылар немесе бопсалаушылар: “Медиа” тұлғалар кәсіпкерден 50 млн теңге талап еткен

СҚО полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сауда желісі директорының өтініші бойынша бопсалау күдігімен Петропавлдың екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Блогерлер 2022 жылдан бері көпшілік арасында бедел жинады. Олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ұрандармен Петропавлдың сауда нүктелері бойынша үнемі “рейдтер” жүргізді. Блогерлердің атын жамылып, олар сауда желісі қызметкерлерінің қатысуымен арандатушылық бейнероликтер түсіріп, полиция шақыруымен жанжалды жағдайлар туғызды. Алайда, олар YouTube арнасында және Instagram желісінде бірнеше мың жазылушысы болғанымен  (негізінен СҚО тұрғындары) өз әрекеттерімен аудиторияның қолдауына ие бола алмады. Арандатулар мен жанжалдар кезінде олар мерзімі өткен өнімді сату фактілеріне сүйенді. Дегенмен, кейбір жағдайларда азық-түлікті өздері құнын төлемей алып кетті. Күдіктілер мемлекеттік органдарға бизнесті жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасай отырып, сауда орындарында анықталған бұзушылықтар туралы шағымдар жолдады.

“Қыркүйек айының басында жастар арандату арқылы сауда желісінің өңірлік директорынан өз әрекеттерін тоқтататындары үшін 50 миллион теңге сомасында ақша талап ете бастаған, алайда СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері бопсаланатын соманың бір бөлігін беру кезінде – бес миллион теңгені ұстады”, – деп атап өтті СҚО полиция департаментінде.

Ресми деректер бойынша, ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу әрекеттерін жүргізеді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады.

Shares