Цифрлық даму вице-министрі Петропавл тұрғындарына Солтүстік Қазақстан облысында қолданылатын инновациялық шешімдер туралы айтып берді
Петропавлда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкиннің Солтүстік Қазақстан облысытұрғындарымен онлайн кездесуі өтті, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Министрлік қызметінің маңызды бағыттарының бірі өңірлерді цифрландыру болып табылады.
Петропавлда коммуналдық қызметтерді автоматтандыру мақсатында Sqoqyzmet.kz бірыңғай порталы іске қосылды. Ол арқылы 2,5 мың қызмет көрсетілді. Азаматтармен жедел әрекеттесу үшін «109» бірыңғай байланыс орталығы белсенді жұмыс істейді. Жыл басынан бері оған 55 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін арттыру үшін бейнебақылаумен қамту кеңеюде – облыста 41,7 мың бейнебақылау камерасы бар, 7 SOS дабыл түймесі орнатылған.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі – сапалы байланыс пен интернетке қол жеткізу. Ростислав Анатольевич, сондай-ақ Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық коммуникациялар инспекциясының басшысы интернетпен қамтуды жүйелі түрде кеңейтуді, сондай-ақ одан әрі дамыту жоспарларын атап өтті.