Данияр Оспанов Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев Петропавл қалалық әкімдігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ведомствоны Данияр Оспанов басқарады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Данияр Оспанов 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақына ауданында дүниеге келген. 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу-профилактикалық іс» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2016 жылы Тимирязев аудандық бөлімшесінің Ұлттық сараптама орталығының филиалында лаборант дәрігер болып бастады.
2017 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тимирязев аудандық бөлімінде мемлекеттік қызметке орналасып, одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жұмысын жалғастырды. 2022 жылдан осы уақытқа дейін Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.