“Дарын” мектеп-лицейінде Наурыз мерекесі тойланды
Солтүстікқазақстандықтар Наурызнаманың әр күнін тойлауды жалғастыруда. Көктемнің басты мерекесі 20 наурыз күні “Дарын” мектеп-лицейінде атап өтілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Дарынды оқушылар мен білікті оқытушылар ұлттық киім киіп, тәттілер дайындап, құттықтаулармен алмасты.
“Дарын” мектеп-лицейінің атынан барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің мектепте мерекені әр сынып атап өтеді. Көктемді осылай қарсы аламыз”, – деді “Дарын” мектеп-лицейі директорының орынбасары Самал Төлебаева.
Мерекелік шараға оқушылардың ата-аналары да қатысты. Олар да ұлттық ойындар ойнады, мерекенің дәстүрлерімен жақынырақ танысты.
“Елімізге ашық аспан, өркендеу мен ұзақ ғұмыр тілеймін, әр үйде бейбітшілік пен тыныштық болсын. Наурыз – мейірімді және жарқын сүйікті мереке”, – деді Петропавл тұрғыны Елена Фоменко.