«Dostyq Mall» сауда ойын-сауық орталығында құтқарушылар шартты өрт кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады
«Dostyq Mall» сауда ойын-сауық орталығында адам көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті. Шараны Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар қызметтері ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.
Шартты оқиға орнына жедел түрде 10 арнайы техника бірлігі мен төтенше жағдайлар қызметінің 42 маманы жетті. Жаттығудың басты мақсаты – ірі сауда орталығында өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету, шартты отты оқшаулау, «зардап шеккендерді» құтқару және барлық жедел қызметтердің үйлесімді жұмысын тексеру болды.
Құтқарушылардың әрбір әрекеті секундтап тіркелді, ал анықталған әрбір қате алдағы уақытта нақты төтенше жағдайларда әрекет ету тиімділігін арттыру үшін мұқият талданатын болады.