Дрифт жасаған петропавлдық жүргізуші куәлігінен айрылды
Әлеуметтік желілерде Lada Granta жүргізушісінің дрифт жасаған видеосы тарады. Бұл оқиға түнгі уақытта Жұмабаев көшесі бойындағы қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдында болған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
СҚО ПД дерегіне сүйенсек, іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөлікті Пестрое көлінің маңындағы саяжай учаскелерінің бірінен тапты. Көп ұзамай жүргізуші де ұсталды. Ол облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам көлік тізгінінде өзі болғанын растады. Бұлай жасауына жеке өміріндегі қиыншылықтарға байланысты туындаған эмоциялық күйзеліс себеп болғанын айтты.
«Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596, 590, 591, 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды. Бес баптың төртеуі бойынша әкімшілік айыппұлдар салу көзделген. Ал қарама-қарсы қозғалыс жолына шыққаны үшін 6 айға көлік басқару құқығынан айырылады», – деп хабарлады СҚО ПД