Екі жұмыс: 2-ЖЭО түтін мұржасы іргетасына дейін бұзылып, қайта салынады
“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО пайда болуы тиіс түтін мұржасының құрылысы жайлы айтылды. Биіктігі 180 метр құрылыс қолданыстағы құбырды және бір бөлшектенген құбырды ауыстырады. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңа түтін құбырына станцияның 12 қазандық агрегатынан 7 агрегат қосылатын болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Еске салайық, өткен жылы техникалық сарапшылар құрылыстың 21-ші метрінде осьтен ауытқу анықтады. Осылайша, құрылысты тоқтату және жартылай бөлшектеу жайлы шешімге келді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандары тарапынан мердігер ұйымның түтін құбырының құрылысы бойынша одан әрі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуіне тыйым салынды. Барлық есептер аяқталғаннан кейін түтін құбыры құрылысы жобасының авторы- Ғылыми-өндірістік фирма «Севказэнергопром» ЖШС «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ атына ресми қорытынды ұсынды.
«Сырғанау қалыбының жүйесін дұрыс орнату үшін, оны монтаждау үшін қосымша конструкцияларды көтеруге уақытша және еңбек шығындарын жою және бастысы «орнатылған көтерілетін құрылыс бөліктерінің арасында «суық буынды» жою, арматуралық саңылауларды сақтай отырып, іргетасқа дейін темірбетон қабығының орнатылған бөлігін бөлшектеу қажет»,- деп түсіндірді жобалау институның бас директоры Владимир Пешков.
«Казтеплоспецстрой» ЖШС бас директоры Константин Бигожин атап өткендей, жобалау институтының қорытындысын негізге ала отырып, 2014 жылдың 1 наурызына дейін түтін құбырының ствол құрылысының орнатылған бөлігін бөлшектеу аяқталмақ.
“Сосын «ТеплоХимМонтаж» АҚ қосалқы мердігермен бірлесіп 1 сәуірден бастап +5С орташа ауа температурасы орнатылған кезде қосалқы мердігердің технологиясын пайдалана отырып, түтін құбырының құырылысына кірісеміз. Сонымен қатар түтін құбырының ствол құрылысының мерзімі, сондай-ақ жоба сомасы өзгеріссіз қалады, 2024-2025ж.ж. жылыту маусымының басталуына қарай дайындықты қамтамасыз етеміз»,- деді Константин Бигожин.