Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы жыл сайын кемінде 20 үйді жөндеуді ұсынды

Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы жыл сайын кемінде 20 үйді жөндеуді ұсынды

Тұрғын үй саласындағы проблемалар облыстық қоғамдық кеңестің отырысында қаралды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Маңызды тақырып бойынша энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанат Сәдуақасов баяндама жасады. Ол облыста жыл сайын кемінде 20 үйді жөндеу қажет екенін атап өтті.

“ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында СҚО бойынша 224 үй жөнделді. Биыл біз республикалық бюджетке 536 млн теңгеге 6 үй бойынша өтініш білдірдік. Қазіргі уақытта қала билігі тағы 11 үйдің жобаларын әзірлеуде. 7 үйде шатырды ауыстыру керек, ал 4 үйде лифттерді ауыстыру керек. Сонымен қатар, қазір барлық үйді зерттеп, жаңғырту бойынша нақты кезек құрғымыз келеді. Бұл бірнеше жылға арналған жоспар болмақ”, – деді Жанат Сәдуақасов.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері спикердің баяндамасына өз бағаларын берді. Соның бірі – Павел Афанасьев.

“Сіз жобалар аз дейсіз. Неге? Себебі бұған ақша жоқ. Уәкілетті орган оларды дайындау үшін қаражат бөлмейді. Бұған тұрғындардың өздері қаржы тартуы керек пе? Бұл олардың қолынан келмейді немесе халық қаламайды. Сонымен қатар, 6 жоба өткен жылдары көп болғандықтан, тек қайтарым қаражаты есебінен жөнделді. Соңғы уақытқа дейін облыстық бюджетте ақша жетіспеді. Сонымен қатар, дәл сіздер ұсынған жобалар жоқ. Бұл – сіздің тараптан жіберілген кемшілік”, – деді облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Павел Афанасьев.

Әкімдіктердің мәліметінше, облыста 50 апатты және 279 ескі тұрғын үй бар.

“Апатты үйлерде барлығы 1653 пәтер бар, апатты тұрғын үйге байланысты Петропавлда 173 меншік иесі кезекке тұрды. Орташа алғанда, оларды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін бізге 2,8 млрд теңге қажет. Бір пәтердің құны 16 млн теңге. 2024 жылы Петропавлда апатты тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 21 үй бұзылады”, – деді Жанат Сәдуақасов.

Сонымен қатар, облыс орталығында лифтердің сапасы сын көтермейді. Тек қайтарым қаражаты есебінен 2011-2023 жылдар аралығында 54 жеделсаты жөнделді. Петропавлда 89 лифт шұғыл ауыстыруды қажет етеді. 184 лифт 25 жылдан астам жұмыс істеп тұр.

Shares