Есіл ауданында кәсіпкер лицензиясыз алкоголь мен темекі сатқан
Есіл ауданына қарасты ауылдардың бірінде учаскелік инспекторлар алкогольдік өнімдердің заңсыз айналымы фактісін анықтады, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Полицейлердің мәліметінше, жергілікті тұрғынның үйін тексеру кезінде тәртіп сақшылары 497 литр құрамында алкоголь бар өнім: 687 бөтелке сыра және 29 бөтелке бес литрлік рұқсат етілмеген спирттік өнім, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ 409 қорап темекі тәркіленді.
Қазіргі уақытта заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік материал жиналуда. Ауыл тұрғынына айыппұл салынады. Тәртіп сақшылары ешбір тексеруден өтпеген алкоголь мен темекі өнімдері өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретінін еске салады.