Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғ.Мүсірепов ауданының қос тұрғыны Есіл өзенінің бойынан тауып алған қаруды сынап көрген

Ғ.Мүсірепов ауданының қос тұрғыны Есіл өзенінің бойынан тауып алған қаруды сынап көрген

Жол қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде полицейлер Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның екі тұрғыны келе жатқан “Audi” автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Салонда екі аңшылық мылтық болды. Олардың бірі жолаушыға тиесілі болған. Иесі қаруды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек еді, себебі оны тек бөлшектелген және қапталған түрде тасымалдауға рұқсат етіледі. Мылтық кері қайтарылғанша уақытша тәркіленді, ауыл тұрғыны қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білу бойынша емтиханды қайта тапсыруы керек.

26 жастағы жүргізушіге тиесілі 12 калибрлі “ИЖ-58” екінші мылтығы тіркелмеген болып шықты. Жас жігіттің айтуынша, ол осы мылтықты жақында Есіл өзенінің жағасынан тауып алған. Аңшы досымен бірге ол тапқан олжаны сынап көруге және далада “қаңылтырларды атуға” шешім қабылдаған.

“Мылтық сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482 — бабы бойынша жауапқа тарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданады”, – деп хабарлайды аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Марат Әлжанов. – Естеріңізге сала кетейік: қару ұқыптылықты қажет етеді. Қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жазадан оны ішкі істер органдарына ерікті түрде тапсыру ғана құтқарады”.

Shares