Ғауез Нұрмұхамбетов Есіл өзені жағалауының жағдайын тексерді
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречное кентінде Есіл өзені жағалауының жағдайын тексерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Өңір басшысы жағалаудың мәселесіне ерекше назар аудару керек дейді. Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да байқалады. Ол су тасқыны кезеңінде критикалық деңгейлердің кенет өзгеруіне әсер етеді, бұл болжау жұмыстарын қиындатады.
“Жауапты мемлекеттік органдарға жағалау сызығына кешенді зерттеу жүргізуді тапсырдым. Су басу қаупі бар 87 елді мекен қамтылады. Қажет болған жағдайда жағалауды бекіту жұмыстарын жүргіземіз”, – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ, өзендердің түбі мен арналарын тазалау қажет. Бұл жұмыс өзендерімізді ластанудан, бітелуден және сарқылудан сақтайды, бұл тасқын судың кедергісіз өтуіне әсер етеді.