Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы су тасқыны жағдайын бақылады, деп хабарлады QZ Media тілшісі.
Өңір басшысы қаладағы Жұмысшылар кенті, Ойқала, Косогор және басқа да учаскелерді аралап шықты. Қазір барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су сору техникасы мен мотопомпалар тәулік бойы жұмыс істеуде.
“Петропавл қаласының басшылығына үйлерге су кірмес үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырдым. Қалалықтардың өтініштері бойынша жедел әрекет ету қажет. Су тасқынының жағдайын үнемі тексеріп тұрамын, мәселе менің жеке бақылауымда”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығының тұрғындары кешеден бері дабыл қағуда. Олардың шағымы жеке үйлер мен көпқабатты үйлердің жертөлелеріне су кіруге қатысты.