Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов қалалық телемұнараны безендіруге берген өтінімнен бас тартты

Ғауез Нұрмұхамбетов қалалық телемұнараны безендіруге берген өтінімнен бас тартты

Петропавлдағы телемұнараны безендіруге 200 миллион теңге жұмсалады деп жоспарланған болатын. Бұл ақпаратты елордада өткен брифингте журналистердің бірі облыс су тасқынынан кейін мұндай шығынға қаржыны қалай тапты деген оймен айтты. Бұл жағдайға қатысты Ғауез Нұрмұхамбетов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды QZ News тілшісі.

«Бұл қала әкімдігінің бастамасы болды, бюджеттік өтінім жасалды, ол қаралды. Мен одан бас тарттым. Телемұнараны безендіруге конкурс өткізілмейді», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

 

Shares