Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Ол аталмыш мейрамның негізгі мақсаты – тарихты сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайту екенін атап өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
“Бүгін елімізде Алғыс айту күні аталып өтілуде. Бұл қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының танытқан қамқорлығы мен мейірімділігіне тағзым ету күні. Ұлы тарихымызға құрмет, қасиетті жерімізге ризашылықтың көрінісі. Өңір тұрғындарының экономиканы дамытып, келісім мен бірлікті нығайтуға қосып келе жатқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіремін. Барша солтүстікқазақстандықтарға баянды бақыт, молшылық пен қуаныш тілеймін. Алғыс айту күні құтты болсын!”, – деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
Алғыс айту күні, елімізде 2016 жылы пайда болды. Қазақстанда сегізінші жыл тойланып келеді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.