Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-ның полиция департаментінде болды

Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО-ның полиция департаментінде болды

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Полицейлер облыс әкіміне қару-жарақ пен арнайы техниканы, жедел-криминалдық басқарманың, криминалдық зертхананың техникасын және басқа да қызметтік көліктерді көрсетті.

Өңір басшысы жедел басқару орталығында да болды. Онда орталықтық құқықтық тәртіп пен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, аймақ басшысы полиция тарихы мұражайында болды.

Ғауез Нұрмұхамбетов полицияның жалпы дайындығына оң баға беріп, полицияның техникалық жарақтандырылуын заманауи құрал-жабдықтармен және ресурстармен кезең-кезеңімен күшейту қажеттігін атап өтті.

Shares