Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы қалай берілетінін айтты

Ғауез Нұрмұхамбетов тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы қалай берілетінін айтты

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарға тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы қалай берілетінін айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Материалдық залал келтірілген зардап шегушілер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді. Жәбірленушінің өзінің өтініш жазуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, оның туыстары немесе сенімхат негізінде өзге де адамдар өтінішпен жүгіне алады.

  • Келтірілген залалды өтеу туралы өтінішке: зардап шегуші адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; ТЖ туындаған сәттен бастап бүлінген немесе жоғалған мүлкінің тізбесі қоса беріледі.
  • Өтініштер мен құжаттарды тіркеуді әкімдік зардап шегушіге құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат бере отырып, материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеу журналында жүргізеді.
  • Өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
  • Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Жәбірленуші бағалау жүргізілетін уақыт пен орынды анықтайды, кейін жәбірленуші бағалау туралы есеппен танысуға тиіс.
  • Әкімдік бағалаушы қорытынды шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

“Мүлікті толыққанды әрі сапалы бағалау үшін сарапшылардың жұмысы су тасқыны жағдайы тұрақталып, үйлер мен аула аумақтарынан су толығымен тартылғаннан кейін басталады.
Жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту тапсырылды”, – делінген хабарламада.

Shares