«Green Park»: «Сабыр сақтауға шақырамыз! Біздің иттерде бәрі жақсы»
«Green park» элиталық отбасылық саябақ-қонақ үйінің әкімшілігі жануарларға қатыгездік көрсету туралы әлеуметтік желіде таралған жазбаға жауап берді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Сіздерді сабыр сақтауға шақырамыз! Біздің иттерде бәрі жақсы! Жақында иттер бір-бірімен төбелесіп қалды. Біз бірден алғашқы көмек көрсеттік. Содан кейін ветеринар келіп, иттерді тексерді. Иә, ашық жаралар бар. Маманның айтуынша, жаралар осылай тез жазылады! Иттерге дәрі берілуде. Барлығы бақылауда», – дейді әкімшілік.
Сонымен қатар, жазбада демалыс орталығының маманы күн сайын үй жануарларына қамқорлық жасайтындығы жазылған. Ақпарға сүйенсек, хаскилер аптасына бірнеше рет таралады. Маман иттердің тамақтануын да қадағалайды. Берілетін тамақ иттердің физиологиялық қажеттілігін толығымен өтейді. Иттер қазірдің өзінде қысқы маусымға дайындалуда, деп қосты жауапты мамандар.