Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Гумкөмек тарату пунктінде төбелес шығарған қала тұрғыны 15 тәулікке қамалды

Гумкөмек тарату пунктінде төбелес шығарған қала тұрғыны 15 тәулікке қамалды

Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек тарату пункттерінің бірінде Петропавл қаласы тұрғындарының арасында жанжал орын алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сол жерде жүрген 37 жастағы ер адам болып жатқанның барлығын ұялы телефонға видеоға түсіріп жатқан. Ал 30 жастағы басқа петропавлдық бейнетүсірілімді тоқтатуды өтінген. Түсірілім жүргізіп тұрған ер адам бас тартып, соққы жасаған. Осылайша ұсақ бұзақылыққа жол берген.

“Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Құқық бұзушы жасаған бұзушылығымен келісті. 16 сәуір күні сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Shares