Кафедра жетістіктері – Академия мақтанышы
Облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «Ғылым мен білімнің жаһандық трансформация контекстіндегі рөлі» тақырыбында ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент), полковник Мұрат Асқарұлы Шапашев басқаратын оперативтік өнер және моральдық-психологиялық қамтамасыз ету кафедрасы ұйымдастырды. деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылған күніне орайластырылды. Ұлттық ұлан академиясының докторанттары, магистранттары, аспиранттары, профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары мен өкілдері қатысты. Кездесуде әскери ғылым мен білім саласындағы сарапшылар жаһандық сын-қатерлер жағдайында осы салаларды дамытуға қатысты негізгі мәселелерді талқылады.
Конференция білім, тәжірибе және ғылыми идеялармен алмасу үшін бірегей алаң ұсынды. Қатысушылар білім мен ғылымды жаңғыртуға, сондай-ақ моральдық-психологиялық қамтамасыз ету мен оперативтік өнерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.Бұл іс-шара Ұлттық ұлан кадрларын даярлау деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім беру бастамаларының маңыздылығын айқындады. Конференция халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Академияның ғылыми әлеуетін заманауи сын-қатерлер жағдайында дамытуға тағы бір қадам жасады.
Конференция жоғары деңгейде өтіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының ғылыми және білім беру өмірінде жарқын із қалдырды.