Кішкенекөлде дәрігерлер үйін қайта қалыпқа келтіру кезінде бұзушылықтар анықталды
Уәлиханов ауданының орталығы – Кішкенекөл ауылында дәрігерлердің тұруына арналған Абай көшесіндегі 65 үй қазан айының соңында тапсырылуы тиіс еді. Алайда, анықталған бұзушылыққа байланысты нысан әлі күнге дейін тапсырылмады. Себебі, баспананың терезелерінде жарықтар пайда болған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл олқылылықтарды «AMANAT» партиясының мүшелері мониторинг барысында анықтады. Нысанды тексеру кезінде терезе дұрыс орнатылмағаны анықталды. Салдарынан жарықтар пайда болған.
«Баспанада барлығы 62 терезе бар. Олардың барлығы жарамсыз болып шықты. 32 терезені реттеп, 28-інде жақтауларын ауыстыру қажет. Проблемаларды анықтадық, енді бұл нысанға бақылауды күшейтетін боламыз. Уәлиханов аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне шұғыл түрде тиісті жұмыстарды реттеу ұсынылды», – деді партиялық бақылау бекетінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сапар Саниев.
Қазір табылған ақауларды ретке келтіру бойынша Уәлиханов аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Кошманов» ЖК шарт жасасты. Кемшіліктерді қарашаның 20-на дейін жоюға уәде берді. Қазір аумақты қоршау жұмыстары жалғасуда. Жалпы нысан 97 пайызға дайын.