Көктайғақ, жел және жылы ауа райы: СҚО-ға атлантикалық циклон жетті
Ауа райының күрт өзгеруіне және көктайғаққа байланысты мектептердегі дәстүрлі оқыту форматы онлайн форматқа ауыстырыды. СҚО-ның білім басқармасы атап өткендей, облыста барлығы 458 мектеп бар. 26 желтоқсанда 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Айыртау, Аққайың, Есіл, Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы 201 мектепте оқитын 29 464 оқушы қашықтан білім алуда. Ал 27 155 оқушыны қамтитын 257 мектеп қалыпты форматта оқуда», – делінген хабарламада.
«Қазгидромет» СҚОФ хабарлағандай, 24 желтоқсаннан бастап облыс аумағы атлантикалық циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болды. Желтоқсанның 25-інен 26-сына қараған түні облыс аумағында жаңбыр түріндегі жауын-шашын байқалып, екпіні 15-тен 32 с/м дейін күшейетін жел соғады.
«Қазір циклон ығысып, оның барлық атмосфералық фронты біздің облыс арқылы өтіп жатыр. Сондықтан күндіз облыс пен қала аумағында екпіні 20-25 с/м және 30 с/м дейінгі жел сақталады. Көктайғақ шамамен жұма, яғни 29 желтоқсанға дейін болады. Осы күні қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», – деп хабарлайды «Қазгидромет» СҚОФ.