Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова академик Н. Базанова атындағы сыйлыққа ие болды

Kozybayev University Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова академик Н. Базанова атындағы сыйлыққа ие болды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай алғаш рет академик Н. Базанова атындағы сыйлықты тапсыру рәсімін өткізді. Бұл марапат еліміздің ғылым саласында жоғары ғылыми әлеуетін көрсеткен, айтарлықтай жетістікке жеткен және танымалдылыққа ие болған жетекші әйел-ғалымдарға берілді.

Kozybayev University баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы 48 ғалым әйел аталған марапатқа ие болды. Олардың қатарында Агротехнологиялық факультеттің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алтын Шаяхметова бар.

«Алтын Сейтахметқызы жемшөп өндіру және жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану бағытында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ол ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын екі ПЦФ жобасының жетекшісі. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның 13-і Scopus және WoS мәліметтер базасына енген. Хирш индексі – 6. Пайдалы модельдер бойынша патенттері бар.

Қазіргі уақытта Аризона университетінің ғалымдарымен бірлесіп судың микробиологиялық бағалау жобасына қатысуда. Сондай-ақ, Германия қаржыландыратын GreenAgro халықаралық жобасының зерттеу тобының мүшесі. “500 ғалым” бағдарламасы бойынша Аризона университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен, сондай-ақ Польша, Израиль, Ресей, Беларусь және Өзбекстанда ғылыми тәжірибеден өткен», – деп хабарлайды университет өкілдері.

Shares